2013 жылдың 19-20 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» жобасын талқылауға арналған «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» атты ІІІ Халықаралық студенттік форумы өтеді.  

 Форумның басты мақсаты студенттерді «жасыл экономика» үрдістерінің жүзеге асыру жұмыстарына шақыру және экологиялық бастамаларды алға тарту саласындағы студенттік ұйымдардың өзара тәжірибе алмасуы мен қарым-қатыснас орнату мақсатында пікіралмасу алаңын қалыптастыру болып табылады.

Форум бағдарламасы:

 Пленарлық мәжіліс жұмысы;

 Келесі бағыттар бойынша секция отырыстарының жұмысын:

  • «Жасыл» университеттер» қозғалысының дамуындағы студенттік ұйымдардың рөлі»;
  • «Студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері»;

 «Жасыл экономиканы» жетілдіру жолдары студенттердің көзқарасы бойынша» атты дөңгелек үстел жұмысы;

 «Студенттік экологиялық жобалар мен бастамаларды жасау және оларды жүзеге асыру» атты машықтау сабақтарын қамтиды.

 

Форум қортындысы бойынша форум баяндамалары мен материалдарының жинағы жарық көреді.